«Жалпыға ортақ еңбек қоғамының» батырлары марапатталды
Елордада «Жалпыға ортақ еңбек қоғамына» атты республикалық форум өтті. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шарада еңбек ардагерлері мен «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары марапатталды. Салтанатты жиынды Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ашып, жеңімпаздардың кеуделеріне медаль тақты. Ал, «Үздік еңбек әулеті», «Өндірістің үздік жас қызметкерлері» мен «Жастардың үздік тәлімгері» аталымдарының жеңімпаздары естелік дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ 1-ші орынға 1 миллион, екінші, үшінші орындарға 500 және 200 мың теңге ақшалай сыйлық табыс етілді. Еңбегі еленгендердің қатарында электрик мамандығын таңдаған Батыс Қазақстан өңірінің тумасы Рафик Аяпов та бар.
Рафхат Аяпов, «Өндірістің үздік жас қызметкерлері» байқауының жеңімпазы:Өзім де басында сенген жоқпын. Осы ауылдан маған береді деп ойлаған жоқпын. Естігенде өту қуанышты болдым. Жұмысым өте ауыр деп те айтуға болады.
Ләйлә Дулатқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
02.11.2026, 19:14
2029 жылға таман электр энергиясы тапшылығы жойылады
02.11.2026, 17:27
Ташкентке барған 15 спортшымыз уланып қалған
02.11.2026, 17:25
Сыр өңірінде тағы 63 нысан салынып жатыр
02.11.2026, 17:24
Ақтөбеде «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында қаламгерлермен кездесу өтті
02.11.2026, 17:22
Мәслихат сайлауына 10 971 үміткер тіркелген
02.11.2026, 17:20
Алматыда қолөнер иелері жәрмеңке өткізді
02.11.2026, 17:18
Баламалы энергия көздерін дамыту туралы заң қабылданады
02.11.2026, 17:17