Кремль: Түрік дрондары Украинадағы жағдайды ушықтыруы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кремль: Түрік дрондары Украинадағы жағдайды ушықтыруы мүмкін

28.10.2021

Мәскеу Түркияның Украинаға шабуылшы дрондарды сату туралы шешімі Донбасстағы жағдайды ушықтыруы мүмкін деп мәлімдеді. Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песковтың сөзінше, мұндай қару Украина әскерінің қолына тисе, оның шығыстағы жанжалды тоқтатуға көмегі болмайды. 

Айта кетері,  Киев Түркиядан «Байрактар» атты дрондарын сатып алып, оны жасау жолдарын да қарастырып жатыр. Украина Қарулы күштерінің бас штабының мәлімдеуінше, бұл дрондар ресейшіл сепаратистерді атысты тоқтатуға мәжбүрлеу үшін қажет отыр. 


Хабарламаларға жазылу