Франция жылына 750 миллион еуро пайда көретін ірі технологиялық компанияларға табыс салығын салады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция жылына 750 миллион еуро пайда көретін ірі технологиялық компанияларға табыс салығын салады

12.07.2019

Ел Парламенті осындай заң қабылдады. Енді Google, Apple, Facebook сияқты интернет компаниялар кірістің бір бөлігін Францияға беруге міндетті. Одан ел қазынасына 400 миллион еуро қаржы түседі деп жоспарланып отыр.

Дегенмен, Париждің бұл әрекеті АҚШ пен Еуропа елдері арасындағы жағдайды ушықтыруы мүмкін. Ақ үй басшысы Дональд Трамп аталған мәселе бойынша құзырлы органдарға тергеу жүргізуді тапсырды. Егер заң күшіне енсе, Америка президенті оны жауапсыз қалдырмайтынын ескертті.

Осыған ұқсас жобаны қазір Ұлыбритания, Испания, Италия, Австрия да дайындап жатыр. Егер, Еуропа Одағы аумағында цифрлық салық енгізілсе, ол жыл сайын 5 миллиард еуро кіріс әкелуі мүмкін.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу