АҚШ-тан Украинаға қару-жарақтың алғашқы партиясы алдағы бірнеше аптада жетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тан Украинаға қару-жарақтың алғашқы партиясы алдағы бірнеше аптада жетеді

01.03.2018

Мұны президент Петр Порошенко журналистермен өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл  мәселе жөніндегі келіссөздерде прогресс жақсы.

Вашингтон Киевке арсенал беру туралы шешімді былтыр желтоқсан айында қабылдап, Мәскеуді айтарлықтай алаңдатты.  Ресей өкілдерінің ойынша, Украина Құрама Штаттардан жеткен қаруды сепаратистерге қарсы қолданып, Донбасстағы жағдайды тіпті ушықтыруы мүмкін.

Украинаның шығысындағы соғыс 2014 жылы басталып, одан 10 мыңнан астам адам қаза тапты. Ресейшіл содырлар мен үкімет армиясы арасындағы атыстар әлі күнге дейін толық тоқтаған жоқ.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу