Маңғыстауда мал ұрлағандар 6 жылға бас бостандығынан айрылды
Маңғыстау облысында мал ұрлаған 4 адам сотталды. Бірнеше рет қылмыс жасаған үшеуі 6 жылға бас бостандығынан айрылды. Ал қылмыстық әрекетке алғаш барған біреуіне 5 жыл шартты түрде жаза кесілді. Оқиға Бейнеу ауданында болды. Сотталушылар 2 қой, 1 сиыр ұрлағанымен қоймай, үйдегі теледидарды да үптеп кеткен.
Сондай-ақ, олар қылмысты мас күйінде жасаған. Бейнеу аудандық соты төртеуіне де шартты түрде жазасын өтеуге үкім шығарған. Алайда прокуратураның апелляциялық шағымынан соң іс қайта қаралып, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы үкімді өзгертті.
Гүлажар Бақытжанова, облыстық соттың судьясы:
Жәбірленуші келісім берсе, мұндай ауыр қылмыс жасаған адамдарды босата берсек, онда әділдік, заңдылық не керек деген сұрақ туындайды. Басқа да сот алқасының судьялары болып ақылдасып, істегі дәлелдерге, мән-жайларға баға бере отырып, үшеуіне сотпен берілген 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қолданылдық. Сот залында қамауға алдық.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ-2026: Канада 1/8 финалына шықты
29.06.2026, 10:29
БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
29.06.2026, 10:27
Қарулы Күштер тактикалық-саптық сабақ өткізеді
29.06.2026, 10:27
Маңғыстау мен Атырау облыстарында автогаз тапшылығы жоқ
29.06.2026, 10:26
Еуропарламент депутаттары Қазақстандағы реформаларды қолдайды
29.06.2026, 10:25
Баспана кезегінде кімдерге басымдық беріледі?
29.06.2026, 10:24
Түркияда пиротехника шығаратын зауытта жарылыс болды
29.06.2026, 10:23
Венесуэлада зілзала құрбандарының саны 1450-ге жетті
29.06.2026, 10:22