Қарағандыда белгісіз біреу такси жүргізушісіне оқ жаудырды
Кеше түнде Қарағанды қаласында белгісіз біреу такси жүргізушісіне оқ жаудырды. Ер адамдардың арасындағы қақтығыстың бейнежазбасы әлеуметтік желіге тарады. Кадрдан жанжал кезінде көлік жүргізушісі мен оған шабуылдаған екі азаматты аңғаруға болады. Артынша күші басым тараптағылардың бірі травматикаға ұқсас қарудан жүргізушіге үш мәрте оқ атады.
Оқыс оқиға Майқұдықтың 15-ықшам ауданында болған. Сағат түнгі оннан аса 35 жастағы такси жүргізушісі мен оның 55 жастағы жолаушысы арасында төбелес болған. Кәугерлер жәбірленушіге мойын тұсына екі рет және кеудесіне оқ дарығанын айтқан. Ол жедел жәрдем көлігіне өз аяғымен отырған. Жағдайы қалыпты. Аталған жайт полицияда тіркеліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алакөл жағалауында инфрақұрылым желілері жаңғыртылып жатыр
05.05.2026, 20:59
Егін науқаны қыза түсті
05.05.2026, 20:57
Көпбалалы отбасы алматыдан ауылға қоныс аударды
05.05.2026, 20:55
Алтын орданың ізі: Бір жәдігер – бір дәуір
05.05.2026, 20:53
Стенд ату: Қоржында – алғашқы алтын медаль
05.05.2026, 20:49
Кәсіпорындағы апат: Қаза тапқандардың отбасына 10 жылдық жалақы төленеді
05.05.2026, 20:20
Теміржол инфрақұрылымын жаңғырту қарқын алды
05.05.2026, 20:18
Қазақстанда Австрияның 400-ден астам компаниясы жұмыс істейді
05.05.2026, 20:11