Шора Сарыбаев 1950 жылдан бері «Қайрат» футбол клубына қатысты деректерді жинап келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шора Сарыбаев 1950 жылдан бері «Қайрат» футбол клубына қатысты деректерді жинап келеді

08.04.2015
Шора Сарыбаев 1950 жылдан бері «Қайрат» футбол клубына қатысты  деректерді жинап келеді

Қазақ халқының мәдени, руһани өмірінде орны ерекше педагог, ғалым – Шора Сарыбаев. Ол бүкіл қазақ қаламгерлері үшін құнды – ғылыми библиографияның көшбасшысы. Осы саланы күннен күнге дамытып, үзбей жалғастырып келе жатқан зерттеуші.

Ең қызығы, академик Шора Сарыбаевтың қолында «Қайрат» футбол клубы туралы құнды деректер бар. Тіл білімінің білгірі «Қайрат» футбол командасына қатысты мыңдаған мәлімет жинаған. Ұсақ-түйектің өзіне ұқыпты ғалым спортшылардың ел ішінде, бұрынғы одақ көлемінде өткізген әрбір кездесуін арнайы тіркеп отырған. Ешқандай ойындарынан қалмай, тіпті, жанкүйер болып, Мексика мен Кореяға дейін барған.

«1950 жылдары бастадым. Газеттерден ақпарат алдым, мұнда фотосуреттер өте көп. Ал, команда басқа елде ойнаған кезде маған жаттықтырушы да, футболшылар да көмектесті. Түрлі фотолар, сол елде шыққан бағдарламалар болса, барлығын алып келетін»,-дейді академик.

1950 жылдан бері Шора Сарыбаев 100 том альбом жинап, әрбір фотосуретті рет-ретімен жүйелеп қойған. Ол өзінің ерекше коллекциясын 1914 жылы Семейде құрылған спорттық командасының мүшесі, қазақтың тұңғыш футболшыларының бірі Мұхтар Әуезовтың есіміне арнапты.

Шора Сарыбаев: «Жуырда «Қайраттың» басшылары келіп, осы жинақтарды көрді. Жеке музей ашамыз деп кетті. Мен соған жүйелеп, дайындап қойдым»,-дейді.

Толығырақ – «Таңшолпанда».

Хабарламаларға жазылу