Президент цифрландыру ісіне жауаптылар жұмысын сынға алды
Президент цифрландыру ісіне жауапты вице-министрлер жұмысының нәтижелілігін сынға алды. Оның айтуынша, олардың басты міндеті –күнделікті бюрократиялық жұмыс емес, цифрлық реформалар мен өзгерістерді жүзеге асыру. Мемлекет басшысы мұндай мәлімдемені дәстүрлі «Digital Bridge» халықаралық технологиялық форумында жасады. Президент жыл соңына дейін цифрландыруға жауапты әрбір вице-министр үшін нақты KPI әзірлеуді және Премьер-Министрге олардың қызметіне қатысты ұстанымды қайта қарауды, кадрлық құрамына баға беруді тапсырды. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бизнес үшін жер учаскелерін таңдау және бөлу мәселесін толық цифрландыруды, жылжымайтын мүліктің Бірыңғай мемлекеттік кадастрын құру жұмыстарын жеделдетуді және осы ақпараттық жүйені 2022 жылдың бірінші жартыжылдығынан кешіктірмей іске қосуды жүктеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қарағанды облысында жаңа көпірдің арқасында қатынас жеңілдеді
05.11.2025, 21:12
Қостанайда жел электр станциялары салынып жатыр
05.11.2025, 21:10
Сарапшы: С5+1 саммиті Транскаспий дәлізінің мүмкіндігін арттыруға жол ашады
05.11.2025, 21:06
Әлем жаңалықтарына шолу
05.11.2025, 21:00
Ақтөбе облысында мал ұрлығы тыйылар емес
05.11.2025, 20:55
Павлодар облысында малын қараусыз қалдырғандар айыппұл төледі
05.11.2025, 20:42
Алматыда әуе рейстері кешігіп жатыр
05.11.2025, 20:39
«Интер» - «Қайрат» матчын «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді
05.11.2025, 20:38