Ақын Иран-Ғайыптың шығармашылық кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақын Иран-Ғайыптың шығармашылық кеші өтті

25.01.2014
Ақын Иран-Ғайыптың шығармашылық кеші өтті
Бүгін Алматының жырсүйер қауымы ақын, драматург Иран-Ғайыптың шығармашылық кешіне жиналды. Қол соғу мен қошеметке кенде емес ақын, бұл кеште де ыстық ықыласқа бөленді.
 
Оқырманға Иран-Ғайып болып танылған ақын Иранбек Оразбаев - өлең өлкесіне соны соқпақ салған ақын. Әр өлеңінде көркемдік ерекшеліктері көзге ұрып тұрады. Құбылту құралын да әдемі қолданады.
 
Көркем сөзбен кісі келбеті мен қоғам кескінін жасауды мықты меңгерген ақын махабатты да мазмұнмен жырлайды. Бүгін отты жырларын бірінен соң бірін оқыды. Кешке келген халықтың қарасынан өлеңге сусап қалғандығын көруге болады. Ақынның жырлары талайды тамсандырды.
 
Хадиша Рахимова, қала тұрғыны:
Шығармашылық кештен рухани азық алып, бір демалып қалдық. Мен балаларымды, немерелерімді алып келдім. Бұл кісінің өлеңдерін сүйіп тыңдаймыз. Тәрбиелік мәні болсын, қай жағынан болса да ұтымды өлеңдер жаза біледі.


                                                        

Хабарламаларға жазылу