АҚШ-тың Калифорния штатын алапат тасқын жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатын алапат тасқын жайлады

25.10.2021

АҚШ-тың Калифорния штатында күшті жел тұрып, алапат тасқын жайлады. Өңірде нөсер жауын жауып, артынша лай көшкіні жүрген.

Бұған қоса, сағатына 80 шақырым жылдамдықпен соққан жел электр желілерін үзіп, тұрғындар жарықсыз қалды. Адамдардың дүние-мүлкіне зақым келген.

Табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындарды қолдау ретінде эвакуация орталықтары ашылды. Ауа-райын бақылаушылардың болжамынша, Батыс жағалауға әлі де 25 сантиметрдей нөсер жаууы мүмкін.

Арай Төлегенқызы




Калифорния тасқын

Хабарламаларға жазылу