АҚШ-тың Солтүстік Калифорния штатын су тасқыны жайлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Солтүстік Калифорния штатын су тасқыны жайлады

28.02.2019

Толассыз жауған жауын-шашын Рашен өзенінің арнасынан тасуына әкелген. Бұл туралы жергілікті билік мәлімдеді. Салдарынан Герневиль қаласына апаратын жолдарды су басып қалды. Қазір табиғи апаттың қоршауында қалған тұрғындарды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін құтқарушылар 3600 адамды эвакуациялады. Ал, өзен арнасы 14 метрге дейін көтерілген.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу