АҚШ-тың Калифорния штатын су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-тың Калифорния штатын су басты

10.01.2023

АҚШ-тың Калифорния штатын су басты. Лай көшкіні және су тасқыны күшеюі мүмкін деген қауіппен 25 мыңдай адам эвакуацияланды.

Монтесито қалашығы толықтай көшірілген. Аймақта желтоқсанның соңынан бері нөсер жауын дамылсыз жауып тұр. Ауа райының қолайсыздығынан 12 адам қаза тапқан. Жаңбырлы күндер басталмас бұрын штатта ұзақ уақыт бойы қуаңшылық белең алған еді.

Экология мамандары болса, мұндай құбылысты климаттың өзгеруімен байланыстырып отыр.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу