Ресей «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар қатарынан алып тастауға күш салады - Путин - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар қатарынан алып тастауға күш салады - Путин

24.10.2021

Ресей «Талибанды» тыйым салынған ұйымдар қатарынан алып тастауға күш салады. Президенті Владимир Путин «Валдай» пікірталас клубының пленарлық сессиясы кезінде айтты. Путиннің пікірінше, бірінші кезекте мұны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жасауы тиіс. Осылай дейтіні белгілі етін. Көп елде, оның ішінде біздің мемлекетте және Ресейде тыйым салынған «Талибан» террорлық ұйымының делегациясы осы аптада Мәскеуге барып Ресей Сыртқы істер министрлігімен консультация жүргізді. Кремль тәліптермен кездесуін Ауғанстандағы ахуалды түсіну үшін, олардың әрі қарай не істейтінін ұғу үшін ұйымдастырдық деген. Назар аударатын штрих: Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров тәліп делегациясын «құрметті делегация» деп сипаттаған. Ал «Құрметті делегация» мүшесі, сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Амир Хан Муттаки былай деген: «Талибан» - әлемдік қауымдастық мойындайтындай барлық шартты орындады.

Дәл осы жерде тоқталатыны - осы аптада ауғандық бір топ әйел БҰҰ-ын тыйым салынған «Талибан» қозғалысының өкілін ұйымға қабылдамауға шақырды деп хабарлады Reuters. Бірнеше елдің ұйымдастыруымен БҰҰ алаңында өткен Ауғанстан әйелдері мен қыздарын қолдауға бағытталған шарада Ауғанстан ұлттық ассамблеясының бұрынғы вице-спикері Фавзия Куфи «Ауғанстанда адам құқығына пысқырып қарамайтындарға БҰҰ орын бермеуі керек, біз туралы көп айтылады, бірақ бізді ешкім тыңдамайды», деген. Тәліптер Ауғанстанды басып алған кезде әйелдерге жұмыс істеуге, қыздарға мектепте оқуға рұқсат береміз деп алып, уәделерінде тұрмады дейді ауған әйелдері. БҰҰ-ын тәліптерге қысым жасауға шақырды.

«Мәскеу форматына» оралсақ, жиынға қатысушылар БҰҰ -н конференциясы ұйымдастыруға шақырған. Ауғанстанда басталған гуманитарлық апатты жою үшін.

Айтпақшы, өткен женсенбіде Кабулға біздің Президенттің халықаралық ынтымақтастық бойынша арнайы өкілі Ержан Қазыхан бастаған қазақстандық делегация барғаны мәлім. Сапар барысында жаңағы Амир Хан Муттаки, сонымен бірге Ауғанстан әкімшілігінің тағы бір мүшесі Абдул Ғани Барадармен кездескен. Ресми хабарламаға сүйенсек, еліміздің ауған халқына гуманитарлық көмегі және жалпы сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру жайы талқыланған.

Қазақстан 5 мың тонна ұн жеткізген. Сонымен бірге QazVac вакцинасын ұсынған. Ал Мәскеудегі жиынға қатысқан Өзбекстан президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі. Исматулла Иргашев «Ташкенттің тәліптер билігін мойындауының бір шарты - Ауғанстанда қоғамның барлық саяси күштерінен тұратын мемлекеттік құрылымның болуы. Тәліптер ауған қоғамындағы барлық саяси тараптардан тұратын үкімет құрса, онда Өзбекстан бұл үкіметті мойындауы мүмкін» деген.

Иргашевтің мәлімдеуінше, Ташкент әзірге тәліптер басқаратын уақытша үкіметті мойындай алмайды. Дегенмен іс жүзінде тығыз әріптестік орната алатынын мәлімдеп жүр.

Хабарламаларға жазылу