Өзбекстандағы Президент сайлауына екі күн қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстандағы Президент сайлауына екі күн қалды

22.10.2021

Өзбекстандағы сайлау-түркі халықтарының бірлігі мен саяси тұрақтылығын нығайтуға ықпал етпек. Бұл туралы бүгін ОСК өкілдерімен кездескен түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары Өмер Коджман айтты. Оның сөзінше, түбі бір түркілердің тілі мен діні, тұрмысы мен экономикасы, мәдениеті мен әдебиеті бір біріне ұқсас. Сол себепті, ондағы оң өзгерістер өзара ынтымақты арттыра түссері сөзсіз.

Омер Кожман, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі бас хатшысының орынбасары:
Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан дос, бауырлас елдер. Сондықтан бұл елдердің әр қайсысында болатын оқиғалар бәріміз үшін маңызды. Ол біздің күшімізді біріктіреді.
Ерік Әшімов,  ШОС бас хатшысының орынбасары:
Өзбекстан мен Тәжікстан Ауғанстанмен тікелей шекараласады. Жағдайларды білесіздер. Орта Азия елдері үшін басты-мәселе өңірлік қауіпсіздік. Оған ауызбірлікпен, бірге күресумен ғана жетеміз.

Айта өтейік, бүгін түнгі 12.00-де Президенттікке үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары аяқталады. Ертең үнсіздік күні. Ал, жексенбі яғни, қазанның 24-де Өзбекстан халқы алтыншы мәрте ел Президентін сайлайды. Айтпақшы, 421 618 адам алдын-ала дауыс беріп, өз таңдауын жасаған.


Хабарламаларға жазылу