Еуропаның бір бөлігіне алапат дауыл соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропаның бір бөлігіне алапат дауыл соққы берді

22.10.2021

Еуропаның бір бөлігіне алапат дауыл соққы берді. Оның екпінінен Польшада 4 адам қаза тапса, Германия, Франция, Нидерландыда ағаштар құлап, үйлердің шатырлары ұшып кеткен.

Сонымен қатар электр сымдары үзіліп, 250 мыңдай үй жарықсыз қалды. Жолда қозғалыс қиындап, пойыздар тоқтап жатыр.

Францияның Нормандия аймағында желдің жылдамдығы сағатына 175 шақырымға жеткен. мұнда да ағаштар түп-тамырымен жұлынып, рельстерге құлап, теміржол қатынасын бөгеген.

Арыстан Рысбек


Еуропа дауыл

Хабарламаларға жазылу