Оңтүстік Кореяда «Митаг» тайфунынан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда «Митаг» тайфунынан 6 адам қаза тапты

03.10.2019

Бұл – осы елге биылдыққа соққы берген 18-ші дауыл. Ол мемлекеттің оңтүстік бөлігіне алапат жаңбыр әкелген.

Жүзден астам үйді су басып, мың жарымдай тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Кореяның «Электр қуаты» корпорациясының мәліметінше, жауындатып соққа желден 45 мыңға жуық тұрғын жарықсыз қалды. Қазір тасқын жайлаған аудандарда құтқару және қалпына келтіру операциялары жүргізіліп жатыр.

Бұл тайфуннан Жапонияның батысында да жаңбыр құйып, тұрғындарға лай көшкіні қаупі төніп тұрғаны ескертілді.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу