Австралияның Квинсленд штатына тропикалық циклон соққы берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австралияның Квинсленд штатына тропикалық циклон соққы берді

28.03.2017

Австралияның Квинсленд штатына тропикалық «Дебби» циклоны соққы берді. Сағатына 260 шақырым жылдамдықпен жеткен алапат дауыл мен жауыннан ағаштар құлап,  үйлер бұзылды.

Ондаған мың адам эвакуацияланды. Табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккендер де бар. Сонымен қатар, Макееде порт жабылып, Таунсвилде әуежай уақытша қызметін тоқтатты.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу