Уэлс көшелерін су басты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уэлс көшелерін су басты

17.02.2020

Ұлыбританияға соңғы бір аптада екінші жауынды дауыл соққы берді. Соның салдарынан Уэлсте өзендер арнасынан тасып, көшелерді тасқын жайлап, талай машина суға кетті. 

Осыған ұқсас жағдай Англия мен Шотландияда да қалыптасып отыр. Әзірге «Деннис» дауылынан қанша адамның зардап шеккені белгісіз. Бұған дейін мұнда Ciara дауылының екпінінен мыңдаған үй жарықсыз қалды. 

Ұйытқыған жел мен төпелеп жайған жауын елдің көп бөлігіне қауіп төндірді. Сондықтан, миллиондаған адамға сақ болу туралы ескерту жасалған. Және де табиғи апатқа байланысты елде әуе сапарлары мен теміржол қызметі тежеліп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу