АҚШ-та торнадоның соққысынан үш адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та торнадоның соққысынан үш адам қаза тапты

27.06.2023

АҚШ-тың батысы мен оңтүстігіне торнадо соққы берді. Соңғы мәліметке қарағанда, Индиана және Арканзас штаттарында ондаған үй қирап, 3 адам қаза тапты.

Құрама Штаттардың Ауа-райы жөніндегі ұлттық қызметінің хабарлауынша, бұл аймақтарда алапат дауыл бірнеше рет көтерілген. Оның екпінінен жарты миллиондай тұтынушыға электр қуаты тұрақты берілмей отыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу