Дамаскте жойқын жарылыстан 14 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дамаскте жойқын жарылыстан 14 адам қаза тапты

20.10.2021

Сирия астанасы Дамаскте жол бойына қойылған бомбадан әскери автобустың күл-талқаны шығып, 14 адам мерт болды. Мұны бүгін жергілікті ақпарат құралдары хабарлады. Алайда, шабуыл үшін ешкім әзірге жауапкершілік алған жоқ.

Екі жарылғыш зат автобус көпірдің үстінен өтіп бара жатқанда іске қосылған. Куәгерлердің айтуынша, осы оқиғадан кейін үкімет күштері оппозиция бақылауындағы Ариха қаласының тұрғындар кварталына снаряд жаудыра бастады.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу