Иракта жойқын жарылыстан 60 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта жойқын жарылыстан 60 адам қаза тапты

15.09.2017

Ирактың оңтүстігінде жойқын жарылыстар болып, 60 адам қаза тапты. Тағы 100-ге жуық тұрғын түрлі жарақаттармен ауруханаларға түсті. Оқиға Насирия қаласында болған. Шабуылшылар әскери киімдер киіп, ұрланған көліктермен полиция бөлімшесіне және тас жол бойындағы дәмханаларға басып кіріп, адамдарға оқ жаудырып, бомбаларды іске қосқан. Полиция шабуылға исламдық мемлекет жауыпты деп отыр. Соңғы мәліметтер бойынша, қаза тапқандардың арасында полиция офицерлері де бар. Қазір зардап шеккендерге көмек көрсетіліп жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу