Ауғанстанда жойқын жарылыстан 6 адам қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда жойқын жарылыстан 6 адам қаза тапты

12.11.2018

Ауғанстан астанасы Кабулде жойқын жарылыс болып, кемінде 6 адам қаза тапты. Тағы 10-ы жараланған, зардап шеккендердің арасында әйелдер де бар. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, бір жанкешті бомбаны орталық көшеде полицияның бақылау бекетінің жанындағы мектеп алдында іске қосқан.

Оқиға болған ауданда Қаржы және Әділет министрлігі мен Президент сарайы орналасқан. Әзірге шабуыл үшін жауапкершілікті еш қарулы топ өз мойнына алған жоқ. Жергілікті полицияның мәлімдеуінше, сол жерде жарты сағат бұрын шеру өткен. Демонстранттар қауіпсіздікті күшейтіп, Газни мен Герат провинцияларын «Талибан» содырларының шабуылдарынан қорғауды талап етті.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу