Көкшетауда жастар форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда жастар форумы өтіп жатыр

15.10.2021

Көкшетауда жастар форумы басталды. «Тәуелсіз Қазақстан Төртінші онжылдықта» деп аталатын шараға өңірдегі жастар ұйымдарының өкілдері, белсенді студенттер, еріктілер, кәсіпкерлер қатысуда. Олар жастарды алаңдатқан мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Ақмола облысында 150 мыңнан астам жас бар. Өңірде 20-ға тарта ұйым жұмыс істейді. Биыл Көкшетауда студенттерді жатақханамен қамту мәселесі өзекті. 2200 студентке орын жетпейді. Форум аясында Қазақстан студенттер альянсы мен қаладағы жоғары оқу орындары ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ілияс Түстікбаев, Қазақстан студенттер альянсының президенті:

Меморандумның нәтижесінде қазіргі таңда студенттеріміз республикалық кеңеске, әр түрлі аккредитациялық агенттіктерге және министрлік жанындағы комиссияларға, ол степендияда тағайындау, грант тағайындау, жатақхана мәселесі сияқты көптеген жұмыстар атқарылады. Сол жерлерде студенттеріміз өздері араласатын болады. 


Хабарламаларға жазылу