Болашақ бизнес форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Болашақ бизнес форумы өтіп жатыр

05.11.2021

Кәсіпкерлік пен менторлық – егіз ұғым. Дәл осындай атаумен «Болашақ» қауымдастығының V бизнес форумы өтіп жатыр. Іс-шара барысында бизнесін дөңгелеткен «Болашақ» бағдарламасының түлектері кәсіпті жүргізу тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік сағаттарын жүргізеді. Стипендианттар менторлар мен білікті мамандардың бизнес бастаудағы рөлі орасан екенін жеткізді. Форум қауымдастықтың 20 жылдығы мен бағдарламаның 28 жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Асылбек Қожахметов, Аlmaty Мanagement University президенті, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері:

20 жыл ішінде қаншама адамдар осы бағдарлама арқылы бүгінгі күнге сай жаңа білім алды. Олар мемлекетімізге көп пайда алып келеді деп ойлаймын. Мәселен, олар тек қана мемлекетке қарамай, өзінің күшіне сеніп жүр. Сол сенімді басқа қыз-жігіттерге үйретіп жүр.


Хабарламаларға жазылу