Павлодарда «ASAR» форумы өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда «ASAR» форумы өтіп жатыр

22.08.2019

Павлодарда үкіметтік емес ұйымдар, бизнес және мемлекет арасындағы үш жақты ынтымақтастыққа арналған «ASAR» республикалық форумы өтіп жатыр. Дәстүрлі шара биыл үшінші рет ұйымдастырылды.

Алғашқы күні 4 секция бойынша, яғни, «Бизнестің әлеуметтік саланы дамытуға қатысуы, Жасыл әріптестік форматындағы әлем», «Әлеуметтік саланың инновациялық дамуындағы ІТ жобалардың рөлі» және «Инклюзивтік қоғам уақыты» тақырыбындағы мәселелер талқыланды. Ал, бүгін қоғамдық ұйымдар ұсынған бизнес жобалардың байқауы өтті. Олардың кейбірі мемлекет тарапынан қаржыландырылатын болады. 144 өтінім түскен. Ең үздік 100 жоба іріктелді.

Батырбек Қошқарбаев, «Тұма» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

Толыққанды ауылдық үкіметтік емес ұйымдар қаламен теңесті деп айта алмаймын. Себебі қазіргі таңда ауылдық жерлерде үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер сәл ақсандап тұрғаны белгілі.

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу