«Петя мен қасқыр» симфониясы қазақша сөйледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Петя мен қасқыр» симфониясы қазақша сөйледі

07.01.2014
«Петя мен қасқыр» симфониясы қазақша сөйледі
 
Бүгін «Астана Опера» театрында композитор Сергей Прокофьевтің «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі қазақша қойылды. Туындыны театрдың шағын симфониялық оркестрі орындады.
 
Мақсат - балалардың классикалық музыкаға деген қызығушылығын арттыру. Айта кетейік, шығарма қазақ тіліне алғаш рет аударылып отыр. Енді оқушылар музыкалық ертегіні қазақ және орыс тілдерінде тыңдай алады.
 
«Петя мен қасқыр»   симфониясы әлемдегі ең көп орындалатын туындының бірі. Себебі, оның тілі жеңіл, балалардың көңіліне қонымды.
 
Жоламан Тұрсынбаев, композитор:
Бұл шығарма жас бүлдіршіндерге де үлкендерге де қызық. Мына композитордың ұлылығы да сонда. Мына қасқыр деген жау, бәріне қарсы, адамдарға тиісіп, ақыры қасқыр жеңіліп шындық, тазалық жеңеді.
 
 
Айдана ҮСЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу