«Classic» радиосы: «La Pushkin» театры Алматыда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Classic» радиосы: «La Pushkin» театры Алматыда

06.10.2016
«Classic» радиосы: «La Pushkin» театры Алматыда

Новосібір қаласының әйгілі «La Pushkin» театры гастрольдік сапармен Алматыға келді. Театр әртістері көрерменге 4 қойылым ұсынбақ: «Авиация превращений», «Люби меня», «Петя және қасқыр» және «Кабаре Ор Фей».

«La Pushkin» театрының қойылымдары клоунада, поэзия, фарс, би, пантомимо, абсурд жанрлары негізінде көрініс табады. Бұл авторлық театр және Новосібір қаласындағы эксперимент түріндегі жекеменшік театр саналады. Яғни, музыкалық та, драмалық та, антрепризалық та емес. 

«Петя және қасқыр» қойылымы - балаларға арналған симфониялық ертегі. Еуропаны тұтас аралап, 5 тілге аударылған. Театрдың Алматыдағы гастрольдік сапары 8-16 қазан аралығында өтеді.

 

Хабарламаларға жазылу