«Астана Опера» театры «Жазға дайынбыз!» атты бағдарлама ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Опера» театры «Жазға дайынбыз!» атты бағдарлама ұсынады

28.05.2015
«Астана Опера» театры «Жазға дайынбыз!» атты бағдарлама ұсынады

«Астана Опера» театры көрермендеріне «Жазға дайынбыз!» атты бағдарлама ұсынып отыр. Бағдарлама туралы театрдың әдеби-музыкалық бөлімінің жетекші редакторы, музыкатанушы Төлеген Назарбеков бүгін «Таңшолпанда» айтып берді.

«Біз төрт концертті балаларға арналған абонементке қосып отырмыз. Ол «Алақай, демалыс!» деп аталады. Төрт концерттің қатарында «Тату-тәтті ішекті отбасы және басқа аспаптар», «Тату-тәтті үрмелі және соқпалы аспаптар отбасы», «Петя мен қасқыр» симфониялық ертегісі және опера дауыстарына арналған «Түрлі музыкалық дауыстар» концерті бар. Бұл абонементтің ерекшелігі – тиімділігінде. Себебі, төрт концертке 1000 теңге төлесе жеткілікті. Есесіне, балалар ұлы классикалық өнерге қанығады»,-дейді Төлеген Назарбеков.

«Бұл бастаманың мақсаты – балаларды симфониялық оркестрмен таныстыру. Себебі, концертті жүргізетін симфониялық оркестр. Ол оркестр операны да, балетті де, симфониялық концерттерді де сүйемелдейді. Сондықтан, симфониялық оркестр – классикалық музыканың түп негізі сияқты.  Жалпы, бұл оркестр ішекті, үрлемелі, соқпалы-ұрмалы болып бөлінеді. Біздің көздегеніміз – соларды біріктіріп, балаларды симфониялық оркестрдің ерекшеліктерімен таныстыру».

Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу