«Астана Операда» C. Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі қойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Операда» C. Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі қойылады

18.05.2015
«Астана Операда» C. Прокофьевтің «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі қойылады

8 маусым күні «Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының камералық залында «Петя мен Қасқыр» симфониялық ертегісі сахналанады.

Ертегі - симфониялық оркестрге арналып жазылған музыкалық шығарма. Қойылым кейіпкерлері - музыкалық аспаптар. 

Концерт кезінде балалар көңілді ойындарға қатысады. Сондай-ақ, симфониялық оркестр аспаптарымен танысады. 

Айта кетейік, мектеп жасына дейінгі балалар мен 1-5 сынып оқушыларына арналған ертегі 8 маусым күні сағат 12:30-да қазақ тілінде, ал 11:00-де орыс тілінде қойылады. 

Хабарламаларға жазылу