Қостанай облысына 265 дәрігер қажет
Қостанай облысына 265 дәрігер қажет. Әсіресе ауылда маман тапшы. «Қанша жағдайын жасағанмен жас мамандар ауылға келмейді. Келсе де тұрақтамайды дейді Аманкелді аудандық ауруханасының басшылары. Шалғайдағы елді мекенге өңірдегі тілшіміз Дәуренбек Әбідек арнайы барды.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:Аудандық ауруханадағы ең соңғы үлгідегі медицина құрылғылары осы бөлмеде тұр. Мысалы мынау рентген аппараты. Ал мына жерде тұрған флюрография. Бұлардың ерекшелігі – компьютерлік жүйемен жұмыс істейді. Нәтижесі сол сәтінде дайын болады. Екеуін сатып алуға барлығы 100 млн теңге қаржы жұмсалған.
Жергілікті жерде науқасты тек рентген аппаратына түсіретін мамандар ғана бар. Ал компьютердегі кескінді қарап, қорытындыны Арқалық қаласында отырған дәрігер шығарады.
Ұлтуған Сұлтанқызы, рентген лаборанты:Мысалы бұрынғы апарартта пленкаға 2-3 күнде бірнеше науқасты түсіріп жинақтап барып шығаратынбыз. Қазіргі аппаратта түсірген бетте қалада отырған дәрігердің алдына келіп тұр.
Жаңа жабдық жергілікті жерде маман-дәрігер болмаса да науқасқа осылай қашықтан диагноз қоюға мүмкіндік береді. Алайда мамограф, компьютерлік томография тәрізді құрылғы арқылы тексерілуі тиіс тұрғындар Қостанай мен Арқалыққа баруға мәжбүр.
Қайрат Шәймерденов, ауыл тұрғыны:Аяқ қолым ұйып қаралып едім. Басты тексеретін аппарат болмағасын Арқалыққа жіберді. Арқалыққа барып жолыма 4 мың теңге, ақылы түсуге 10 мың теңге беріп, 14 мың теңге жұмсап келдім.
Аманкелді аудандық ауруханасында тіркеуде тұрған 11 мыңнан астам адамға бар-жоғы 20 дәрігер қызмет көрсетеді. Жалпы медицина қызметкерлерінің саны 100-ден асады. Дәрігерлердің ішінде гинеколог және педиатр мамандар жетіспейді.
Дархан Ақбайзенов, аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары:Әкімнің 2 млн теңге көтерме ақысы бар беретін. Оның сыртында белгілі мөлшерде тағы көмекақы беріледі. Орталық су мен жылуға қосылған 8 пәтеріміз бар. Сонда да жастар ауылға келгісі келмейді.
Жалпы облыста 70-тен астам сала бойынша 265 дәрігер жетіспейді. Ең тапшысы терапевтер – 49 маман қажет. Одан кейінгі орында акушер – гинекологтар тұр.
Дәуренбек Әбдібек
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Алтын виза» кімдерге беріледі?
10.05.2026, 19:49
Дәрі-дәрмек нарығындағы ұрлық: 3,7 млрд теңгені жымқырған компанияны әшкереленді
10.05.2026, 19:48
Автосақтандыру жүйесіне қандай өзгеріс енгізіледі?
10.05.2026, 19:46
ШҚО-дағы шахтада бір жұмысшы қаза тапты
10.05.2026, 19:44
Шығын бар, кіріс қандай? Цифрлық саланың экономикаға пайдасы
10.05.2026, 19:40
Президент әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне мемлекеттік марапат және әскери шен тапсырды
10.05.2026, 19:38
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06