Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз

08.10.2021

Ақмола облысы қайтадан «қызыл аймаққа» енді. Індетке шалдыққандар қатары бір апта бұрынғы көрсеткішпен салыстырғанда көбейген. 

 Ермек Елберген, тілші:

Өңірде эпидемиологиялық жағдай тұрақсыз. Облыс 30-ыншы қыркүйекте ғана қызыл аймақтан сары аймаққа өткен еді. Бір аптадан соң қайтадан «қызыл аймақ» қатарына қосылып отыр.Өйткені өңірде бір жұмада 554 адам ауру жұқтырған. Бұл алдыңғы аптамен салыстырғанда 19 науқасқа көп. Қазір ауруханаларда 455 адам ем қабылдауда. Мектеп оқушылары арасында да індетке шалдыққандар жетерлік. Оқу басталғалы 534 баладан коронавирус анықталды. Қазір 48 мектептегі 68 сынып карантинде. Оқушылар қашықтан білім алуға көшті. Өңірде екпе салдыру науқаны жалғасуда. Осы уақытқа дейін 287 мың ақмолалық вакцинаның бірінші бөлігін алған. Бұл екпе алуы тиіс тұрғындардың 70 пайызы. Ал еліміз бойынша қызыл аймақтар қатарында Ақмоладан басқа Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары бар.

 

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу