Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы Түркияда аталып өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы Түркияда аталып өтті

07.10.2021

Биыл ЮНЕСКО көлемінде тойланып жатқан Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы Түркияда да аталып өтті. Ел астанасы Анкарада «Жамбыл- түркі дүниесінің жыр алыбы» атты халықаралық конференция ұйымдастырылды. Қазақстан елшілігі мен ТҮРКСОЙ ұйымы мұрындық болған шараға Қазақстаннан зиялы қауым өкілдері мен Жамбылдың ұрпақтары арнайы келді. Жиында түркі халықтарының терең байланысын одан әрі нығайту үшін осындай шаралардың маңызды екендігі айтылды.
Салтанат Жамбылова, Ж.Жабаевтың ұрпағы:
175 жылдығына Түркия төрінде бүгін конференция өтіп жатыр. Осындай жиындар конференциялар тағы да жалғасын таба берсе деп ойлаймын. Біздің Алматы облысы Жамбыл ауданы жер жәннәті Жетісу дейміз, ақындар мен батырлар елі дейміз міне сол жақтан біз елдің, ұрпақтарының дұғай-дұғай сәлемін алып келіп отырмын.
Биләл Чакыжы, ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымы төрағасының орынбасары:
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы бірқатар түркі мемлекеттердің тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі қуантады. Түркі халықтарының бірлігі мен тұтастығын сақтау үшін Жамбыл сияқты абыз ақындарымызды ұмытпауымыз өте маңызды. Осындай басқосулар арқылы біздің ғылыми бағыттағы да байланыстарымыз арта түспек.
Шара аясында Анкараның Кечиөрен ауданындағы Жамбыл көшесіне ақынның ескерткіш тақтасы орнатылды. Бұл көшеге абыз ақынның аты 2017 жылы берілген болатын. Енді қала тұрғындары тақтадағы арнайы QR код арқылы жыр алыбының өмірбаяны мен шығармаларын түрік тілінде оқи алады.

Хабарламаларға жазылу