Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ақындар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған ақындар фестивалі өтті

30.11.2021

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында Елордада жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған халықаралық ақындар фестивалі өтті.

Думанды кеште өнерпаздардың жыр сайысы, ақындар айтысы, өлең оқу жарысы және туыс халықтарға ортақ әндер орындалды. Фестивальде Жамбыл мен Тоқтағұл, Сүйінбай сынды ұлы тұлғалардың есімі дәріптелді. Тарихы тағдырлас, өнері тамырлас ұлттардың бір-біріне сый-құрметі жиналғандарды тәнті етті.
Ақан Әдбуәлиев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет комитетінің төрағасы:
Жамбыл атамыз көне заман мен жаңа заманның, екі дәуірдің, ғасыр мен ғасырды тоғыстырған жырау. Қырғыз елі айтады Жамбыл ол біздің де Жамбыл деп, ортақ тұлға ретінде көреді. Одан кейін Өзбекстаннан келіп отыр. Сосын біздің Қазақстанның осы Амандық Көмеков, Алмас Алматов сынды үлкен жыраулар тобы бастаған өнерпаздарымыз қатысып отыр.

Хабарламаларға жазылу