Тынық мұхитына 3 мың баррельден астам мұнай төгілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тынық мұхитына 3 мың баррельден астам мұнай төгілді

05.10.2021

АҚШ-тың Калифорния штатында Тынық мұхитына 3 мың баррельден астам мұнай төгілді. Оқиғаға "Эмплифай Энерджи" компаниясына тиесілі құбырда пайда болған ақау себепші. Одан түзілген майлы дақтың ұзындығы 12 шақырымға жеткен. Соңғы мәліметтерге сай, мұхит зиянды қалдықтан толықтай тазартылды. Ал, техногенді апаттан жергілікті фаунаға зақым келіп, жағалаудан өлі құс, балық табылып жатыр. Кейбір мәліметтерге сай, мұнай құбырына кеменің зәкірі тиіп, содан ол тесілсе керек. Қазір бұл болжам тексеріліп жатыр.


Хабарламаларға жазылу