Премьер-министр Асқар Мамин Ресей Үкіметі басшысының орынбасары Марат Хуснуллинмен кездесті. Тараптар сауда-экономика, өнеркәсіптік кооперация, транзиттік-көлік, құрылыс саласындағы келісімді одан әрі дамыту жайын сөз етті. Сондай-ақ аймақ аралық ынтымақтастықтың 17-ші форумында қол жеткен уағдаластықтарды іске асыру мәселесін талқылады. Кездесу кезінде көлік инфрақұрылымының дамуы, екі елдің транзиттік әлеуетін күшейтуге назар аударылды. Ресей – Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктесі. Қаңтар-шілде айларында екіжақты тауар айналымы 12,7 млрд доллар болған. Сондай-ақ, Үкімет басшысы Омбы облысының губернаторы Александр Бурковпен кездесті. Тараптар сауда-экономика, энергетика, транзиттік-көлік, туризм секілді бірқатар саладағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады. Келіссөз барысында Ертіс транс шекаралық өзенінде кеме қатынасын дамыту мәселесіне ерекше назар қойылды.
Ғабит Бөкенбай