Екібастұз қаласын дамытуға үш жылда 932,8 млрд теңге жұмсалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Екібастұз қаласын дамытуға үш жылда 932,8 млрд теңге жұмсалмақ

21.09.2021

Қазақ астығының көп бөлігі Ауғанстан мен Иранға экспортталады. Қазір егістіктің 95 пайызы орылып, қамбаға құйылды. Бүгін, Үкімет отырысында Премьер Асқар Мамин осылай деді. Қазір, әлемдегі бидай бітік шықпай, өнім азайған. БЕЙНЕҚОР Бұған, ауа райының қолайсыздығы әсер еткен. Қазақстанда 18 млн тонна дәнді дақылдар мен майлы дақылдарды жиналмақ. Соның ішінде 90 пайызға жуығы дәнді дақылдар. Құрғақшылық салдарынан бидай көлемі азайса да, ішкі қажеттілік толық қамтамасыз етілген. Одан асқан, 6,5 млн тонна бидай шетке экспортталмақ. 

Сондай-ақ, Екібастұз қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспары мақұлданды. Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиевтің айтуынша,  қаланы дамытуға алдағы үш жылда 932,8 млрд теңге жұмсалмақ. Қыруар қаржыға тұрғын-үй салынып, әлеуметтік сала, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және экологиялық мәселелерді жақсарту көзделген.

Асқар Мамин, ҚР Премьер-Министрі:
Негізгі капиталды инвестициялау 5 есеге ұлғаяды. 2025 жылы 737 млрд теңгені құрайды. Қаланың индустриалды кешенді дамыту жоспарланған. Аса назар аударылады. 165 мың жұмыс орны ашылып, орташа жалақы 43 пайызға өседі. 


Хабарламаларға жазылу