Атыс кезінде қаза тапқан полицейлердің отбасына пәтер беріледі
Алматыдағы қанды оқиғадан қаза тапқан бесінші адамның кім екендігі белгілі болды. Мерт болған азамат үйдің жаңа иесінің танысы болып шықты. Қазір бізбен тілші Нұрхан Нұрланұлы тікелей байланысқа шығып тұр.
Нұрхан Нұрланұлы, тілші:Қалалық полиция департаментінің басшысы атыстан көз жұмған бесінші азамат сол таласқа түскен үйдің жаңа иесінің танысы екендігін айтты. Ол үйді босату туралы қаулыны орындауға куәгер ретінде барған болуы мүмкін. Ал барлық қаза тапқан азаматтарға қалалық әкімдік тарапынан тиісті көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, ажал құшқан полицейлердің отбасына пәтер берілетін болды. Бұдан бөлек, олар «Тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін»медальдармен марапатталмақ. Бүгін полицейлердің жақындарына ішкі істер министрінің орынбасары арнайы барып, көңіл айтты. Тәртіп сақшыларының бірінің артында кәмелетке толмаған 5 баласы, екінші полицейдің 2 баласы қалған. Екеуі де қызметте абыройлы болды дейді әріптестері.
Қалалық полиция департаменті басшысының айтуынша, 54 жастағы ер адам аңшылыққа арналған мылтықпен оқ атқан. Қару оның атына 2008 жылы тіркелген екен. Сондай-ақ, күдікті психикалық орталықтарда тіркелмеген және бұрын істі болмаған. Ал кешегі оқиғаға қатысты қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» және «Билік өкіліне зорлық-зомбылық көрсету» баптары бойынша екі іс қозғалған. Оқиғаны тергеу үшін ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторында отыр. Одан тергеу органдары жауап алып жатыр. Естеріңізге салайық, кеше 17:00 шамасында Ақбұлақ ауданында жер үйді босату туралы қаулыны орындауға барғандарға үй иесі оқ атқан. Салдарынан екі полицей, бір сот орындаушы және үйдің жаңа иесі мен бір куәгер қаза тапты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00