Петропавлда жетімдерге тиесілі пәтерлер мемлекеттік қызметшілерге берілген
Петропавлда жетім балаларға тиесілі пәтерлер мемлекеттік қызметшілерге берілген.
Баспаналардың заңсыз берілгенін облыстық тергеу комиссиясы анықтады. Аудит барысында қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі қызметкерлері түрлі қитұрқы әрекеттерге барып, мемлекетке3 млрд теңгеден астам шығын келтірген. Сонымен қатар, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерлердің негізсіз берілгені туралы барлығы 9 факт тіркелді. 2 баспананы дәл осы коммуналдық шаруашылық бөлімінің 2 қызметкері жалдап тұрған.
Марат Ебжанов, облыстық тексеру комиссиясының мүшесі:
Аудит барысында тұрғын үй заңнамасының жүйелі түрде бұзылып отырғаны анықталды. Жалға берілген 4 пәтердің бухгалтерлік есепте тұрмағаны белгілі болды. Тұрғын үй комиссиясының отырысында мемлекеттік қызметшіге жалпы аумағы 170 шаршы метрлік пәтерді жекешелендіруге рұқсат беретін құжаттарға қол қойылған. Кейін меншік иесі жылжымайтын мүлікті сатып жіберген.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға ережелерді күшейтеді
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Келесі жылы Астанада жаңа әуежай сала бастайды
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00