Ауыл шаруашылығы мамандығына сұраныс аз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы мамандығына сұраныс аз

20.09.2021

Қарағанды облысының Қарқаралы қаласындағы ауыл шаруашылығы колледжінде студенттер саны екі есеге азайып кеткен. Қазір мұнда бар жоғы 158 бала оқиды. Ал осыдан 4 жыл бұрын оқушылар саны 300-ден асқан. Бұған біріншіден, мектеп бітірген түлектердің жаппай қалаға кетуі себеп дейді колледж директоры. Ауыл шаруашылығы мамандығына сұраныс азайған. Сондықтан кешіктірмей оның мәртебесін көтеруді қолға алмаса, оқу орындары жабылып қалуы мүмкін. Мәселен, бүгінгі күні аталған колледж ветеринар, автомеханик, слесарь секілді 5 түрлі мамандарды даярлайды. Ал агрономдар мен зоотехниктерді оқытуды осыдан 2 жыл бұрын тоқтатқан. Себебі жастар келмейді. "Ендігі үміт Президент жолдауында", - дейді білім ошағының ұжымы.

Саят Оспанов, Ауыл шаруашылық колледжінің директоры:
2019 жылы біз зоотехниктен ақырғы выпускті жібердік. Ал агрономиядан 2018 жылы 7-8 балаға дипломдарын бердік. Міне, содан бері әлі сұраныс жоқ осы мамандықтарға. Жолдаудан кейін біз ойлаймыз, барлығымыз осыны бір ортақ ойға келтіретін шығармыз деп. Келесі жылы ауылшаруашылық мамандарына көп мемлекеттік тапсырыс берілетін шығар деп.


Хабарламаларға жазылу