ҚР АҚДМ-де Әзірбайжан делегациясымен кездесу өтті
Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Аида Балаева Нұр-Сұлтандағы Еуразиялық Медиа Форумның қатысушылары Әзірбайжан Республикасының өкілдерімен кездесу өткізді.
Іс - шараға Әзірбайжан Республикасы Президенті әкімшілігі медиа бөлімінің басшысы К.Гасанов, Телевизия және радио жөніндегі ұлттық кеңестің басшысы А. Исмаилов, Әзірбайжан Республикасы Президенті әкімшілігі медиа бөлімі басшысының орынбасары О. Саттаров, Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі А. Атамогланов, «Әзірбайжан телевизиясы және радиохабары» ЖАҚ төрағасы Р. Маммадов қатысты.
Министр А.Атамоглановты жақында Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Уәкілетті Елшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтап, Министрлік қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды.
Оған қоса, Аида Балаева Әзірбайжан аумағында кабельдік операторлар торында «Qazaq tv» телеарнасының хабар таратуына көмек көрсетуді сұрады, сондай-ақ Министрліктің Әзірбайжан телеарналарымен бірлескен жобаларды іске асыруға, медиасаладағы мамандардың тәжірибе алмасуын ұйымдастыруға дайын екендігін білдірді.
А. Балаева Әзірбайжан өкілдерін ағымдағы жылдың 27-28 қыркүйегінде өтетін «Astana Media Week» медиаапталығына қатысуға шақырды. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
03.11.2026, 13:15
Құрылтай депутаттары инновацияларды дамытуды талқылады
03.11.2026, 13:13
Ұлыбритания мигранттарға арналған ережелерді қатаңдатпақ
03.11.2026, 13:10
Канар аралдарында 7 мигрант қаза тапты
03.11.2026, 13:09
Семейде 112 мыңдай қорап темекіні жойды
03.11.2026, 13:07
Электр қуатын өндіру қарқын ала бастады
03.11.2026, 13:05
Астанадағы жаңа әуежай құрылысы келесі жылы басталады
03.11.2026, 13:02
«Ұмай» ипотекасына ₸20 млрд бөлінді
03.11.2026, 13:00