Басты Жаңалықтар Ақтөбе облысында оқу жылы басталғалы 218 сынып карантинге жабылды

Ақтөбе облысында оқу жылы басталғалы 218 сынып карантинге жабылды

Ақтөбе облысында оқу жылы басталғалы 200-ден астам оқушыдан коронавирус инфекциясы анықталды. Дені қала мектептерінде оқиды. Олармен байланыста болған оқушылар да екі аптаға оқшауландырылды. Қазірге дейін оқу жылы басталғалы облыс бойынша 218 сынып карантинге жабылған. Сондай-ақ, арнаулы оқу орындарындағы 31 студенттен де вирус анықталды. 29 топ қашықтан оқуға жіберілді. Барлығы дәрігерлер бақылауында.

Маңғыстау облысында да 20-дан астам мектепте 22 сынып карантинге жабылды. Оқушылардан коронавирус инфекциясы анықталған. Балалардың вирусты отбасы мүшелерінен жұқтырғаны белгілі болды. Індетке шалдыққан балалардың сыныптарында зарарсыздандыру шаралары жүргізіліп, сыныптастары 2 апта қашықтан оқуға жіберілді. Өңірде соңғы 1 аптада 1 мыңға жуық науқас тіркелді. Облыс - қызыл аймақта.

Жақсыбе Кемал

Бөлісу