Тұрғындар қаржы пирамидаларына алданып, 400 млрд теңгеден аса шығынға батқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрғындар қаржы пирамидаларына алданып, 400 млрд теңгеден аса шығынға батқан

15.09.2021

Тұрғындар қаржы пирамидаларына алданып, 400 млрд теңгеден аса шығынға батты. Құқықтық статистика комитетінің ақпаратына сәйкес, былтырдан бері «Алаяқтық» бабымен 41 мыңнан аса құқықбұзушылық тіркелген. 40 мыңнан аса адам алданып, ақшасынан айырылған. Кейбір қаржы пирамидалары көлік пен баспананың нарықтағы бағадан 35%-ке арзанға сатылатынын айтып, жарнама таратқан. Депутаттар Бас прокуратурадан қаржы алаяқтарымен күресті күшейтуді сұрады. Бұған дейін олар пирамиданы жарнамалағандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс айтқан.


Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу