Қаржы пирамидаларына алданғандар саны артты - Ішкі істер министрлігі
Елімізде қаржы пирамидаларына алданатындар саны азаймай тұр. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтты. Қылмыстың арту себебін бізбен тікелей байланысқа шыққан тілшіміз Ламбриан Топузидис айтып беруге дайын. Ламбриан, алаяқтарға алдануды тоқтатып, қылмыс санын азайтудың тиімді жолдары ұсынылды ма?
Ламбриан Топузидис, тілші:
Қаржы пирамидаларына ақша салғандар алданып жатса, олардың қалтасын қағатындардың тапқырлығына таңқаласың. Өздерін жарнамалаған кезде «инновациялық жоба», «жоғары табысты бизнес», «бірегей, тиімділігі жоғары ұйым» деген тіркестерді оңды солды қолданады. Әлеуметтік желіде де белсенді. Түрлі ұтыс ойын, мессенджерлерден бөлек бірнеше топтар ашып алған. Ел бойынша қаржы пирамидасына алданғандар саны 30 мыңнан асып жығылады. Полицейлер қандай да бір ұйымдарға ақша мен мүлкін салмас бұрын, келісім-шарттың мәтінімен жіті танысып алу қажеттігін ескертеді. Адамдардың көбі келісім шартты оқуға ерінеді, алайда , уақыт тауып ерінбей мұқият оқып шығулары керек дейді. Лицензияның барын растайтын құжаттарды тексеру аса маңызды. Әзірге бар ақпарат осы, толығырақ келесі шығарылымдарда айтатын боламын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Командалық теледебат: партиялардың сөз сөйлеу реті анықталды
11.08.2026, 21:30
Марафоншы Құрылтай сайлауына дейін 1300 шақырымды бағындырмақ
11.08.2026, 20:22
Абай – қазақтың қазынасы
11.08.2026, 20:16
Жерасты мешіттері – әлемдік мұра
11.08.2026, 20:10
Жыл соңына дейін 190 мың автокөлік құрастырылады
11.08.2026, 20:09
Экс-президент Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
11.08.2026, 20:05
Үгіт-насихат науқаны қыза түсті
11.08.2026, 20:05
Жұмыс тобы сайлау учаскелерінің дайындығын арнайы мониторингтен өткізді
11.08.2026, 20:05