Қаржы пирамидаларынан келген шығын 4 млрд 700 млн теңгеден асқан
Биыл қаржы пирамидаларынан келген шығын 4 млрд 700 млн теңгеден асқан. Қаржылық мониторинг агенттігі 36 қаржы пирамидасына қатысты 118 қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Оның бесеуі халықаралық ұйым. Заңсыз ақша жинағандардан 1200-ден аса адамға шығын келген. Ішкі істер министрлігінің алдын ала есептеуіне сәйкес, биыл зардап шеккендердің саны 4 мыңнан асуы мүмкін. Алаяқтардың көбі қаржы ұйымдары мен банктің атын жамылып, жымысқы әрекетін жүзеге асырады. Былтыр қаржы пирамидаларына алданған 31 мыңнан аса тұрғын 54 млрд теңге шығынға батқанын еске саламыз.
Ақерке Бектас
Автор
Ақерке Бектас
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауа райына байланысты автожолдар жабылды
12.02.2026, 20:23
Алматыда қалың қар жауып, қозғалыс қиындады
12.02.2026, 20:22
Жамбыл облысында қалың қарда кептелген көлік саны 2 мыңға жуықтады
12.02.2026, 20:17
Халық пікірі: Жаңа Конституция - ел дамуының жаңа бағыты
12.02.2026, 20:13
Адвокатура мәртебесі – әділетті қоғам құрудың конституциялық негізі
12.02.2026, 20:12
Жаңа Конституцияның жобасы референдумға шығарылды
12.02.2026, 20:09
Еліміздің жетекші қоғамдық-саяси күштері жалпыұлттық коалицияға бірікті
12.02.2026, 20:06
Қыстың күні жолда қалғанда не істеу керек?
12.02.2026, 20:05