Қаржы пирамидасы: 30 мыңнан аса тұрғын 54 млрд теңге шығынға батты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы пирамидасы: 30 мыңнан аса тұрғын 54 млрд теңге шығынға батты

07.02.2022

Елде микроқаржы ұйымдарының атын жамылған алаяқтар көбейген. Қаржы пирамидаларына алданған 30 мыңнан аса тұрғынға 54 млрд теңге шығын келді. Алаяқтар микроқаржы ұйымдарымен қатар, букмекерлік кеңеселер, кооперативтер, инвестициялық қордың да атынан азаматтарға хабарласып, ақша алуға көшкен. Олар жалған бизнесін әсіресе әлеуметтік желіде жарнамалайды. Халық арасында танымал желілерде ортақ топ құрып, «пайызсыз баспана алып беремін» деген желеумен, ақшаны алдап алып отырған.

Айта кетейік, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңды жұмыс істейтін микроқаржы ұйымдарының тізімін жасаған. Оны агенттік сайтынан көруге болады.

Хабарламаларға жазылу