Лондонда Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған шара өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда Семей полигонының жабылуының 30 жылдығына арналған шара өтті

13.09.2021

Лондонда Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына, сондай-ақ Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орайластырылған конференция өтті.

Оффлайн әрі онлайн форматтағы шараға қатысушылар ядролық қарудың қоршаған ортаға зардабын талқылады. Климаттың өзгеруі, су ресурстарының азаюы, топырақтың тозуы, ауаның ластануы проблемалары Орта Азияның экологиялық, экономикалық және әлеуметтік қауіпсіздігіне қатер төндіріп келеді дейді сарапшылар

Джереми Корбин, Ұлыбритания парламенті қауымдар палатасының мүшесі:
Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырған шара арқылы біз мемлекеттеріңіздің ядролық қарусыздандыру бағытындағы жұмыстары туралы кеңінен біліп жатырмыз. БҰҰ-ның Ядролық қарудан азат әлем құру туралы жалпыға ортақ декларациясын көптеген елдердің қолдағаны белгілі. Қазақстанның бұл бастамасына Ұлыбритания да қосылады деген үміттемін.

Ерлан Ыдырысов, Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшісі:
Бүгін әртүрлі буын өкілдері әлемнің түкпір-түкпірінен қатысып отыр. Ядролық қарусыздандыру бағытында іс-қимылымызды одан әрі жалғастырамыз. Өскелең ұрпақтың жарқын болашағы қауіпсіз үшін күш біріктіруге тиіспіз.

Марина Бекенова

Хабарламаларға жазылу