Көкшетаудағы екі шағын ауданда бірнеше күннен бері су жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетаудағы екі шағын ауданда бірнеше күннен бері су жоқ

13.09.2021

Көкшетау қаласындағы екі шағын ауданда бірнеше күннен бері су жоқ. Тіршілік нәрінен тарыққан жұртқа су тасымалданып қана жеткізілуде. 

Ермек Елберген, тілші:
Қаладағы екі ауданда бүгін үшінші күн су жоқ. Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасында қазір құбырлар жөнделіп жатыр. Судың жоқтығына осы жоспарлы жөндеу жұмыстары себеп болып отыр. Жалпы су Көкшетауға осы Сергеев және Шағалалы су қоймаларынан келеді. Қазір қалаға тіршілік көзі тек Шағалалы қоймасынан ғана берілуде. Арнайы көліктер таңертен және кешке екі сағат шағын ауданнның тұрғындарына су жеткізуде. Жауаптылардың айтуынша, әлі 3-4 су болмайды. Олар тұрғындарды түсіністікпен қарауға шақырады.

Естеріңізге сала кетейін жөндеу жұмыстарына байланысты Көкшетаудың іргесіндегі Красный Яр ауылында да бір аптадан бері су жоқ. Бұл елді мекенге су 21 қыркүйекте берілмек. Мендегі ақпарат әзіргі осы.


Хабарламаларға жазылу