Барлық мешітте жұма намазын оқуға рұқсат етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Барлық мешітте жұма намазын оқуға рұқсат етілді

10.09.2021

Бүгіннен бастап өңірлердегі барлық мешітте жұма намазын оқуға рұқсат етілді. Бірақ, бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес ғибадат мешіт ауласында жасалуы керек.

Сондай-ақ медициналық масканың жеткілікті қорымен қамтылуы қажет. Дезинфекциялық құралдар мен антисептиктерден де тапшылық болмауы тиіс. Намаз оқырда арақашықтың сақталуы қатаң ескерілуі керек. Ал, бұған дейін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жұма намазын оқу уақытша тоқтатылған болатын. 

Нысаналы Ығыл 

Хабарламаларға жазылу