Бірқатар өңірлерде мешіт аулаларында жұма намазын оқуға рұқсат етілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірқатар өңірлерде мешіт аулаларында жұма намазын оқуға рұқсат етілді

30.04.2021
0:00:00
0:00:00

Бүгіннен бастап бірқатар өңірлерде жұма намазын оқуға рұқсат етілді. Бірақ, құлшылық тек мешіт аулаларында атқарылады. Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының жамағаты бір жылдан астам уақыттан бері алғаш рет сапқа тұрды. Бірақ, Өскемен, Семей мен Тараз қалаларында шектеу әлі сақталған. Ол жақта аудан тұрғындарына ғана тыйым жоқ. Ал, жұманы тұтас оқуға кедергісі жоқ әзірге Алматы мен Қызылорда өңірлері. Мешітке келушілерге маска тағу, ара қашықтық сақтау маңызды. Дене қызуы 37 градустан жоғары, тұмау және басқа ауру белгілері бар адамдар мен 65 жастан асқан қариялардың мешітке бармағаны абзал.

Нысаналы Ығыл


Хабарламаларға жазылу