«Жасыл» аймақтағы ауыл мешіттерінде жұма намазы оқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жасыл» аймақтағы ауыл мешіттерінде жұма намазы оқылады

05.02.2021

Жұма намазын өткізуге рұқсат етілді. Бірақ барлық өңірге емес. Тек «жасыл» аймаққа енген облыс ауылдарында жамағаттың жиылуына болады. Бұл – Ақмола, Алматы, Түркістан, Қызылорда, Жамбыл және Маңғыстау облысы. Ескертетін жайт, жұма намазы елді мекен мешіттерінде ғана оқылады. Қалада топпен құлшылық етуге әлі келісім берілмеді. Ал мінәжат орнында сақ жүріп, санитарлық ережелерді сақтау қатаң талап етіледі. 

Хабарламаларға жазылу